Тәуелсіздік жылдары Түпқарағанда халық саны 2,5 есе өскен

Dalanews 14 июл. 2021 15:27 805

Тәуелсіздік жылдары Түпқараған ауданында халық саны 2,5 есе өскен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Маңғыстау облысының батысында орналасқан Түпқараған ауданы осыдан 29 жыл бұрын құрылған. ҚР Жоғары Кеңесі Президумының 1992 жылдың 06 шілдесіндегі №1560-ХП қаулысымен аудан тарихының алғашқы беттері ашылды.

Ауданда алғашында 5 елді мекен, 45 орындық «Айгүл» балабақшасы мен 140 орындық «Құлыншақ» балабақшасы болған. Содан бері ауданның аумағы кеңейіп, халық саны өсті. Қазір Түпқарағанда 22 балабақша мен 5 мектеп бой көтерді.

1991 жылы халық саны 14 мыңды құрады. Ал соңғы статистикалық есепке сәйкес, аудан тұрғындарының саны 2,5 есе өсіп, 34 197-ге жеткен. Сондай-ақ, мұнда 28 800 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлер саны 0,2-ден 2 мыңға артқан.

Рекомендовать
Последние новости