Тәуелсіздік жылдары Елорданы салып, әдемі ғимараттарды тұрғызған құрылысшыларға алғысым шексіз!

Dalanews 16 дек. 2021 05:29 980

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Отыз жыл ішінде еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Көрші елдермен мемлекеттік шекараларын шегендеп бекітті.  Елдігімізді әлемге танытқан бас қаласының іргетасын қалады.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әсем архитектурасымен көздің жауын алар еліміздегі әсем қалалардың біріне айналып отыр. Әрине, республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына қазақстандықтар сүбелі үлес қосып келеді.

– Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, біраз қиындықтар болды. Өзім осы қалаға Целиноград кезінде келдім. Отыз жеті жылдан бері қоғамдық көлікте қызмет етемін. Целиноград болды, Астана болды, Нұр-Сұлтан болды. Осы қоғамдық көлікпен құрылысшыларды тасыдым. Осы аз уақыт ішінде Астананы салып, әдемі ғимараттарды тұрғызған құрылысшыларға алғысымды айтқым келеді. Көз алдымызда бәрі өсіп, өніп жатыр. Қаламыз көркейіп жатыр. Жастарға айтарым, ерінбей еңбек етіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің берік болуына өз үлестерін қоссын! Құрметті отандастар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Еліміз тыныш, Жұртымыз аман болсын. Мерекелі, берекелі күндер көп болсын! Мереке құтты болсын ағайындар, – дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 автопрактің көлік жүргізушісі Қанат Құлтас.

https://www.youtube.com/watch?v=h1TL2zuLVUo

Рекомендовать
Последние новости