Тәуелсіздік бізді толағай табыстарға бастап келеді

Dalanews 15 дек. 2018 09:21 1049

Барша Қазақ елін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүрекпен құттықтаймын.

Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның сан ғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал.

Ғасырлар бойы бабалар көксеген тәуелсіздік туын желбірету бақыты бүгінгі заманда ғұмыр кешіп жатқан біздерге бұйырыпты. Қазiргi басты мiндет те, басты парыз да ел тәуелсіздігін көздiң қарашығындай сақтау әрi оны одан әрi нығайту болып табылады.

Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа танылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі 27 жыл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған парасатты да көреген саясатының нәтижесі.

Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болатын, ал біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар үшін ұлы мереке.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі кемелдене берсін!..

Ьаршамызға  игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. Ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін.

 

Бақыт Асанов, Мақтаарал ауданының әкімі

Рекомендовать
Последние новости