Тауарлық газ бағасының жаңа шегі қандай?

Dalanews 04 июн. 2024 11:29 2834

Қазақстанда тауарлық газ бағасының жаңа шегі белгіленді. Энергетика министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды.

2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлерге мың текше метр тауарлық газдың көтерме бағасы мынадай болады деп бекітілді:

  • Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында — 52 033 теңге;
  • Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстарында — 63 905 теңге;
  • Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 59 268 теңге;
  • Жамбыл облысында — 58 866 теңге;
  • Ақтөбе облысында — 34 333 теңге;
  • Қостанай облысында — 48 424 теңге;
  • Қызылорда облысында — 45 522 теңге;
  • Маңғыстау облысында — 32 942 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысында — 31 637 теңге;
  • Атырау облысында — 23 996 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысында —  10 891 теңге.

Сонымен қатар ішкі нарықта тауарлық газды көтерме бағамен сатқандағы шек те нақтыланды. 2024 жылдың 1 шілдесі мен 2025 жылдың 30 маусымы аралығында ҚҚС қоспағанда мың текше метр газдың бағасы максимум мына шектен аспауға тиіс:

  • Астана - 29 757 теңге;
  • Алматы - 29 873 теңге;
  • Шымкент - 29 341 теңге;
  • Ақмола облысы - 29 757 теңге;
  • Ақтөбе облысы - 11 445 теңге;
  • Алматы облысы - 29 873 теңге;
  • Атырау облысы - 13 018 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы - 14 743 теңге;
  • Жамбыл облысы - 28 626 теңге;
  • Жетісу облысы - 29 873 теңге;
  • Қарағанды облысы - 29 757 теңге;
  • Қостанай облысы - 25 521 теңге;
  • Қызылорда облысы - 12 136 теңге;
  • Маңғыстау облысы - 21 594 теңге;
  • Түркістан облысы - 29 341 теңге;
  • Ұлытау облысы - 29 757 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 7 563 теңге.

Рекомендовать
Последние новости