Тасқала ауданына "Саламатты Қазақстан" пойызы келіп жетті

Жарбол Кентұлы 01 июл. 2024 09:17 2201

"Саламатты Қазақстан" әлеуметтік жобасын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп табысты іске асыруда және еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. 30 Маусымда медициналық пойыз өз жұмысын Батыс Қазақстан облысында Тасқала ауданының "Тасқала" станциясында жалғастырды. Бұл елді мекенде шамамен 8000 мың адам тұрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз жұмысының ашылуы барысында медициналық поездың бас дәрігері Айнұр Егінбаева тегін медициналық, құқықтық, медиативтік, психологиялық және басқа да көмек көрсету мақсатында өңірге келген қызметтер спектріне және білікті мамандарға назар аударды.

Жиналғандарға аудан әкімінің орынбасары, Тасқала ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Саягүл Ғалиева құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Татьяна Рогозина, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Диляра Сатарова, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты және халықтың сұрақтарына жауап берді.

Әрі қарай пойыздың жұмысымен Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов және бірқатар жауапты тұлғалар танысты.

Жоғары біліктілік, ізгі ниет, қызығушылық, шынайылық, пойыз ұжымынан қажетті көмек алған Тасқала тұрғындары сипаттады.

Тасқала ауданы әкімінің орынбасары С. М. Галиева аудан тұрғындарының атынан медпоезд ұжымына алғысын білдіріп, олардың одан әрі қызметіне табыс тіледі.

Медициналық поезд сағат 09:00 ден бастап 18:00 ге дейін қызмет көрсетеді.

Тасқала ауданы әкімдігі


Рекомендовать
Последние новости