Тарихты білуге құштарлық. Онлайн-тест 63 мың рет тапсырылған

Dalanews 14 окт. 2021 17:40 822

30jyl.kz сайтындағы Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест екі айда 63 мыңнан астам рет тапсырылды, оның ішінде тестті тапсырушылар 141 рет ең көп ұпай жинай алды. Бүгінгі күні тест тапсыруда ең үздік көрсеткіш көрсеткен қатысушы, Ақмола облысының Қоржынкөл ауылының тарих пәнінің мұғалімі Ғалия Ысқақова болды.

 Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар навигаторы сайтында тамыз айында іске қосылды. Онда КСРО ыдырағаннан кейінгі республиканың даму кезеңінен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі маңызды оқиғалар жинақталған.

Соңғы екі айдағы статистикаға сәйкес, квиз қатысушылары 21 сұрақтың ішінен 10 сұрақтың жауабын дұрыс таба алып жүр. Қыркүйекте тест 47 мың рет немесе шамамен күніне 1500 рет тапсырылды. Тестке Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының тұрғындары белсенді қатысты. Тесттен өту қорытындысы бойынша әрбір қатысушы өзінің дербес онлайн-сертификатын алды.

«Онлайн-тесттен өткен адамдардың 70%-ы 25 жасқа дейінгі жастар екендігі көңіл қуантады. Тарихи квиз – бұл біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуының 30 жылдық тарихын интерактивті түрде еске алуға болатын жобалардың бірі», - деп атап өтті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелік                       іс-шараларын үйлестіру жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Бағлан Айдашов.

Барлық қатысушылардың нәтижелері, дұрыс жауаптар саны мен жұмсалған уақыт негізінде әзірленетін жалпы рейтингке енгізіледі. 11 қазандағы мәліметтеге сәйкес, әзірге ең үздік нәтижені Ғалия Ысқақова көрсетті. Ол барлық сұраққа 1 минут 40 секундта дұрыс жауап берді.

«Мен бұл квиз туралы Қазақстан тарихшыларының ортақ чатынан біліп, оған қатысамын деп шештім. Тест сұрақтары қызықты, олар тек мектеп бағдарламасы негізінде ғана емес, сонымен бірге адамның жалпы танымын білуге негізделген. Мен үшін ең қиын сұрақтар пайызға байланысты сұрақтар болды. Өзімді кестеде бірінші орында тұрғанымды көргенде, әрине, қуандым! Ал сертификатымды сақтап, тіпті әріптестеріме де жіберіп үлгердім. Осы сияқты танымдық іс-шаралардың қай-қайсысы болса да өскелең ұрпақ үшін өте пайдалы деп ойлаймын», - дейді Ғалия Ысқақова. Ұстаз 13 жылдан астам уақыт бойы Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылының шағын жинақты мектебінде сабақ беріп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-тест ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін, барлық іс-шаралар туралы анонстар мен жаңалықтар жарияланатын, 30jyl.kz арнайы сайтында іске қосылды. 30jyl.kz сайтында ел тұрғындары тәуелсіз Қазақстанның тарихын қаншалықты біле алатындықтарын тексере алады. Айта кетерлігі, квиз сұрақтарын тарихшылар әзірледі.

Жыл соңында ең үздік қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталады. Игі бастаманы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы жобалық кеңсе жүзеге асырады және ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған.

Тестті мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://30jyl.kz/ru/test/

Рекомендовать
Последние новости