Тараздағы нашар жолдар үшін жауапты мекемеге 6,2 млн теңге айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 04 июл. 2025 12:43

Тараздағы нашар жолдар үшін ТКШ бөліміне 6,2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қордай ауданы әкімдігінің "ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не көше-жол желісінің жағдайын жақсарту жөніндегі полицияның 16 нұсқамасын орындамағаны үшін 6,2 миллион теңгеден астам айыппұл салды.

2025 жылдың ақпан-наурыз айларында Тараз қалалық полиция бөлімі Қордай ауданы әкімдігіне 16 нұсқама жолдаған, алайда олар белгіленген мерзімде орындалмаған. Осыған байланысты 16 әкімшілік хаттама толтырылып, сот оларды бір іс жүргізуге біріктірді. ТКШ бөлімі өкілі бұған конкурстық рәсімдер мен мемлекеттік сатып алулар себеп болғанын айтты. Алайда соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кінә іс материалдарымен – нұсқамалар мен Тараз қаласының көше-жол желісін кешенді зерттеу актілерімен дәлелденген.

Сот қаулысымен КММ ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – "Мемлекеттік бақылау органдары шығарған заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау" бойынша кінәлі деп танылып, 6,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Рекомендовать
Последние новости