Таразда мемлекет мүлкін жымқырған бұрынғы әкімдік қызметкерлері сотталмақ

Қаракөз Амантай 08 янв. 2025 16:01 642

Тараз қаласының бұрынғы әкімдік қызметкерлері мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Orda.kz мәліметінше, айыпталушылар қатарында қаржы бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Парымбеков (соңғы уақытта Тараз аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болған), шенеуніктер Молдажан Абсатов пен Жәнібек Қуанышев, сондай-ақ ТКШ бөлімінің экс-басшысының орынбасары, бұған дейін парақорлық үшін сотталған Мәқсат Нұржанов бар.

Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар тәркіленген мүлікті есепке алмау мүмкіндігін пайдаланып, коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандары мен тұтыну тауарларын заңсыз иемденген. Бұл активтер сот шешімінен кейін әкімдікке тапсырылған болатын. Залалдың жалпы көлемі 100 миллион теңгеден асты.

Парымбековке, Нұржановқа және Абсатовқа аса ірі көлемдегі алаяқтық пен мүлікті жымқыру (ҚР ҚК 190 және 189-баптары) бойынша айып тағылуда. Ал Жәнібек Қуанышев аталған қылмыстарға сыбайлас болды деп айыпталып отыр.

Барлық күдіктілер қамауда.

Еске салайық, 2023 жылдың күзінде Тараз әкімдігінің қызметкерлері мемлекет жерін заңсыз пайдаланғаны үшін сотталған еді.


Рекомендовать
Последние новости