Тапшанға салық салынады

Dalanews 27 февр. 2020 04:22 1645

Өзбекстан үкіметі Ташкент облысының туристер көп баратын Бостандық ауданындағы тапшан мен қайық қожайындарына салық салады. Бұл туралы мемлекеттік салық комитеті хабарлады.

Биыл 20 ақпанда қабылданған үкімет қаулысына сәйкес, су велосипедтері, қармен жүретін көліктер, квадрациклдер, парапландар, дельтапландар, сонымен қатар тапшандар да салық салынатын табыс көзіне жатқызған.

Жақында Бостандық ауданының Газалкент қаласында төрт салық пункті ашылады. Ондағы қызметкерлер табыс көздеріне жататын жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді есепке алады.


«Тәжірибе мақсаты – салық төлеушілердің өз міндеттерін уақытылы әрі толық атқаруын қамтамасыз ету» делінген салық комитетінің хабарламасында.

Салық тәжірибесі 2021 жылдың 1 мамырына дейін созылады.

Рекомендовать
Последние новости