Таңертең Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізіледі

Dalanews 05 окт. 2016 15:39 953

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы жазды.

"Ертең, сағат таңғы 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы, 1923 жылы большевиктер қолынан қаза тапқан Кейкі батырдың басы елге жеткізіледі. Әзір жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша үкіметтік комиссия құрылуда» деді саясаттанушы.

Айта кетелік, Кәрім Мәсімов үкіметбасы кезінде Ресей премьері Дмитрий Медведевпен жолығып Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтерген болатын.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы - 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген.

Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. 

Қазақстан ұлттық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша, ол Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтірілген. Оның басы күні бүгінге дейін Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақталып келді.

Рекомендовать
Последние новости