Талғар әкімі қашан тағайындалатыны белгілі болды

Сағыныш Сардарова 08 нояб. 2024 09:15 3462

Жуырда Талғардағы жантүршігерлік оқиғадан кейін түбегейлі кадрлық ауыс-түйіс жүргізілді. Қала әкімі қызметінен босатылды. Жаңа әкім қашан тағайындалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

6 қарашада Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Талғар қаласы әкімінің сайлауын 15 желтоқсанға белгіледі.

Айта кетейік, 15 қазанда Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.

Еске салайық, 4 қазанда түнде Талғарда 16 жастағы жасөспірім өлтірілді. Қайғылы оқиға болған күні Шерзат Болат дүкенде жұмыс істейтін әкесіне көмектескен. 

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылғандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Кейінірек Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Хасан Қасымбаевтың Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.


Рекомендовать
Последние новости