Табиғи байлық елдің тұрақты дамуына негіз болмайды – Тоқаев

Dalanews 19 апр. 2023 05:28 1033

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті. Маңызды басқосуда Президент әлемде геосаяси ахуалдың ушығып, сауда-саттыққа кедергілер көбейгенін айта келе, мұндай кезеңде табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз болайтынын Үкіметтің есіне салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз.

Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады.


Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналды. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Рекомендовать
Последние новости