Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт өзгеретінін ескертті

Ақтоты Жапатова 27 дек. 2025 09:23

Қазгидромет синоптиктері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Болжамға сәйкес, 27 желтоқсанда Қазақстанның шығысында, 27–29 желтоқсан аралығында батыс өңірлерде, ал 29 желтоқсанда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, бұрқасын соғады және жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі.

Қатты қар 27 желтоқсанда шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде, ал 28 желтоқсанда елдің батысында күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көру қашықтығының төмендеуі мүмкін.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы біршама жоғарылайды: түнде -10…-18°C, күндіз -0…-8°C болады.
Шығыс өңірлерде түнде -15…-20°C, күндіз -5…-10°C сақталады.

Ал оңтүстікте түнде 0…+5°C, таулы аудандарда -5…-10°C, күндіз 5…15°C, таулы жерлерде -4…-1°C болады деп болжануда.

Синоптиктер жүргізушілер мен тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.


Рекомендовать
Последние новости