Цифрлық даму министрлігі мен Huawei меморандумға қол қойды

Dalanews 03 окт. 2022 04:16 944

Елімізде цифрлы технологияларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған Digital Bridge халықаралық форуымында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Ортақ келісім бойынша тараптар Қазақстанда Цифрлық хаб құруға келісті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.


Меморандумға қол қойғандағы басты мақсат – еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (АКТ) саласы мен еліміз үшін маңызды индустрия саласында инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу және отандық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.



Меморандумда ынтымақтастың басты бағыттарының бірі ретінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді енгізіп, АКТ саласын дамыту белгіленді. Осы келісімге сай алдағы уақытта елімізде кеңжолақты және мобильді интернеттің мүмкіндігін арттыру және ел аумағында 5G жүйесін дамытуға баса мән берілмекші. Бұдан басқа құжатта инновациялық технологиялар саласында зерттеулер мен консультативті қолдаулар көрсету, тәжірибе алмасу, арнайы мамандардың цифрлы саладағы біліктілігін көтеру ісі де қамтылған.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы меморандум аясында құрылатын Цифрлы хабтың мүмкіндігін пайдаланып, АКТ саласындағы таланттардың өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашып отыр. Бұл ретте Huawei компаниясының іс-тәжірибесі мен ресурстарын пайдаланып, Қазақстан Республикасының АКТ саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру жоспарлануда. Бұл үшін тараптар еліміздегі талантты жастардың АКТ саласындағы біліктілігін көтеру үшін арнайы оқу курстары мен семинарлар ұйымдастыратын болады. Бұдан басқа меморандум аясында Қазақстан Үкіметінің аймақ бойынша ІТ саласын жетік меңгерген таланттарды тарту саясатын қолдай отырып, АКТ таланттары орталығының жұмысы тұтастай Еуразаия кеңістігін қамтымақ.



Бүгінде Қазақстан Республикасында цифрлы технологияны дамыту ісінің масштабы күн өткен сайын кеңейіп, маңызы артып келеді. Huawei компаниясы осы үрдісті назарға алып, Қазақстанда қолға алынған маңызды цифрлық жобаларға қолдау көрсетіп, оның табысты жүзеге асуына мүдделі болып отыр. Өзара ынтымақтастықтың аясында цифрландыру саласындағы жетістіктер қалалық инфрақұрылым нысандарына, ауыл шаруашылығына, консультативті қызмет көрсету саласына енгізіледі. Сонымен қатар АКТ инфрақұрылымдарына заманауи цифрлық шешімдерді енгізілуімен, цифрлық қызмет сапасы арта түсетін болады, – деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Бас директоры Чжао Сюй мырза.


Қол қойылған меморандум қазақстандық цифрлық экожүйенің жоғары жылдамдықты байланыс саласымен арадағы байланысын жандандырып, жетілдіруді көздейді. Бұдан басқа тұрақты бұлттық қызмет пен кешенді өндірістік тізбектердегі жұмыспен қамтудың деңгейін арттыратын болады.

Бұл бағыттағы ынтымақтастықтарды кеңейту Қазақстанның экономикалық өсімін, бизнестің халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін және адам капиталы деңгейін арттыруға септігін тигізбек. Осылайша еліміздің сыртқы және ішкі нарықтағы позициясын нықтай түседі.

Рекомендовать
Последние новости