СҚО кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасы бұл уақытша мәселе екенін, жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түсетінін хабарлайды.
"Қазіргі уақытта СҚО-да АИ-95 маркалы бензиннің 17 күнге жететін қоры бар. Оның 1 литрінің бағасы — 262 -279 теңге. Ол Qazaq Oil, Helios және Shelf компанияларының жанар-жағармай бекеттерінде бензин еш кедергісіз сатылып жатыр. Ал Петропавлдағы "Эталон Авто" желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана құйылуда. Қажетті бензин жолда. Мұндай жағдай "Trassa" желісінің бекеттерінде де тіркелген. Бұл компания жеткізу туралы келісімге отырысымен-ақ мәселе шешіледі", — деді басқарма басшысы Дархан Әмрин.
Қазір өңірде АИ-92 бензинінің 11 күндік қоры бар, ол 218-225 теңге аралығында сатылып жатыр.
"Алаңдауға негіз жоқ. Облыста жанар-жағармай қорына мониторинг жасау және қажетті көлемді уақтылы бөлу мақсатында жедел штаб жұмыс істейді. Оның құрамына облыс әкімінің орынбасары және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіреді. Қажет болған жағдайда, мәселе орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралады", — деді Дархан Әмрин.
Бүгінгі таңда СҚО аумағында 114 жанар-жағармай құю станциясы жұмыс істейді. Оның 39-ы — Петропавлда, 75-і - аудандарда, оның ішінде 24 шағын бекет ауылдық жерлерде орналасқан.
Бұған дейін Энергетика министрлігі АИ-95 маркалы бензин жағдайына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. "Сұраныстың маусымдық артуы – штаттық және алдын ала болжанған жағдай. Үкімет бұл процесті толық бақылауда ұстап отыр. Мен нарықтың барлық қатысушыларынан отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді және алыпсатарлық әрекеттерді болдырмауды талап етемін. Азаматтар үшін бензин тапшылығы болмайды. Бұл мәселе – Үкіметтің тікелей бақылауында", – деді Энергетика министрі.
Сондай-ақ сайтымызда "Қымбатшылыққа ұрынған ресейліктер Қазақстанға лап қойды. Көп рубльді қайтеміз?.." деген мақала да жарияланған болатын.