Сот бес қазақстандықты саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танудан бас тартты

Қаракөз Амантай 20 окт. 2025 11:35

Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жеңілдіктерді заңсыз алуға талпыныс тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл бес азамат сотқа жүгініп, өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде тануды және тиісті төлемдерді алуға құқық беруді сұраған. Астана прокуратурасы мен қалалық сот архивтік құжаттарды зерттей келе, олардың бұл санатқа жататынын дәлелдейтін деректер таппаған.

Сот өтініш берушілердің барлығына саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін беруден бас тартты. Прокуратура өкілдері бұл шараның «негізсіз төлемдерді болдырмауға бағытталғанын» атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости