Сіз әлі отырсыз ба?

Dalanews 24 мая 2017 05:52 962

Кезекті оқу жылы аяқталып қалды. Ертең - соңғы қоңырау. Оқу жылының аяқталып қалуымен қатар тағы да баспасөзде "Сағадиев жыры" басталды.

Әлеуметтік желілерде жұрт басқа-басқа, Сағадиевке Президент Назарбаевтың өзі сөгіс беріп, ескерту жасағанын еске алып жатыр.
Әдетте Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатымен қызметі еш үйлеспейтін, еш үйлеспегеніңіз не, сәл қиғаш кететін министрлер әлгіндей ескертуден соң "есіктен шығып" кете баратын еді.

Алайда, Ерекеңе ол дәстүр жүрмейтін болса керек, көзәйнегінің артынан сығалап ол, әне, БжҒМ-нің төрінде әлі отыр. Құдды борсық сияқты. "Борсықты ұра берсе семіреді" деуші еді қазақ. Сол мәтел осы біздің Білім министріне келіп тұр.

...Дегенде енді қайтпек керек? Сағадиевті қызмет бабымен өсіріп жіберу керек. Лауазымын жоғарлатпай, қызметін өсірмей болмайтын сияқты. Сондықтан министр мырзаға қайткенде Білім мен ғылымнан ауылы алыс бір қызмет тауып бергенді жөн көріп отырмын өз басым. Ендеше оған қандай қызмет ұсынсақ болады? Ойымызды ортаға салып көрейікші, біріміздің болмаса, біріміздің ұсынысымыз Үкімет басшысына әлде Мемлекет басшына ұнап қалуы әбден мүмкін.

Ілияс Ақбай


Дереккөз: Abai.kz


Рекомендовать
Последние новости