ШҚО: Өскеменде 35 тұрғын үй ауласына балалар алаңы орнатылмақ

Dalanews 28 мая 2020 05:03 1200

Биыл да облыс орталығы Өскемен қаласында көп қабатты тұрғын үйлер аулаларын жаңарту жұмыстары жалғасатын болады.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, ағымдағы жылы 35 тұрғын үй аулалары жөнделіп, заманауи қондырғылармен жабдықталады.

- Арнайы комиссияның шешімімен тұрғын үйлер аулалары таңдап алынып, қажетті құжаттар әзірленіп, жұмыс қарқынды басталды. Яғни, барлығы 13 мың тұрғынды қамтитын аулаларда абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру орнатылып, балалар ойын алаңдары қолданысқа беріледі. Бұл жұмыстар «Менің аулам» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді, - деді қала басшылығы.



Айта кетсек, Өскемен қаласы соңғы жылдары көз қызығарлықтай гүлденіп келеді. Соңғы екі жылда тұрғын үй құрылысының қарқыны екі есеге артты. Мыңдаған отбасы жаңа баспанаға ие болып, қала аумағында жаңа шағын аудандар бой көтеруде.

Биылдың өзінде 48 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. 8 жолақты Сәтпаев даңғылы толық жөндеуден өтті.


Жалпы, Шығыс Қазақстан огблысында аулаларды жаңарту, жөндеу жұмыстары алға қойылған. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тікелей тапсырмасымен қала және ауылдарда заманауи балалар алаңдары орнатылуда. Халық көп демалатын жерлерге спорттық қондырғылар да орнатылып, тұрғындар игілігіне жарауда.

Рекомендовать
Последние новости