ШҚО өнеркәсіп өндіріс бойынша 1-орында

Dalanews 14 февр. 2017 10:20 1035

ШҚО-ның өнеркәсіптік кәспорындары өткен жылы 1 триллион 437 млрд. теңге сомасына өнім өндірген. Аталмыш өндірістегі физикалық көлем  индексі 105 % құрап, өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқыны бойынша Шығыс Қазақстан республика бойынша бірінші орынға шықты.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамубасқармасы басшысының м.а. Мақсат Мүсәпірбеков айтып өтті. Мемлекетті Жаңғыртудың үшінші деңгейіндегі өңірлерді дамытудың негізгі және басым бағыттарының бірінші басымдылығына тоқталған Мақсат Мүсәпірбековтың айтуынша, өндірістің негізгі көрсеткіштерінің үлесін қайта өңдеу өнеркәсіп өнімдері құрауда.

– Өткен жылы қайта өңдеу өнеркәсіп өндірісің көлемі 1 триллион 214 млрд. теңгені, ал физикалық көлеминдексі 100,4% құрайды. Ал облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің физикалық көлем индексі 105% құрап, өндірістің өсу қарқыны жағынан біздің облысымыз бірінші орынға шықты. Қазақстан бойынша ФКИ көрсеткіші 99% құраған, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Мақсат Мүсәпірбеков.

Сондай-ақ, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді даярлаудағы өндіріс көлемі 118,2 млрд.  теңгені құрады. Осыған сәйкес түсті металлдар кенндерін өндіру көлемі  33%-ға өскен.

Рекомендовать
Последние новости