ШҚО жылу беру маусымына дайын

Dalanews 22 сент. 2017 13:55 716

Шығыс Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық барысы қарқынды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызды нысандар 100 пайыз қамданған.

Облыстық әкімдік отырысында аталған бағытта өңірдегі жөндеу-дайындық жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқаны тілге тиек етілді. Қазанның біріне дейін аймақтағы көпқабатты тұрғын үйлер түгелдерлік қысқа толық дайын болады. ЖЭО мен ірі жылу беру көздері 358 мың тонна отынмен қамтылған. Бюджеттік мекемелер де 100 пайыз дайын. Отын көзінің тапшылығын тудырмау мақсатында аталмыш сала нысандарына күзгі айларда көмір жеткізу кестесі бар. Ал көмірді шілденің он бесінен бастап «Қаражыра» АҚ тиеп жатыр.

– Ауа температурасы күрт төмендейтін болса, мектептер, мектепке дейінгі және денсаулық сақтау мекемелеріне бірден жылу беруді тапсырамын, – деді облыс әкімі Даниал Аxметов жиын барысында.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Зырян қаласының қысқа дайындығының сақадай сай болуын ерекше атап өтті. Қалай дегенмен, қала тұрғындары өткен жылғы жағдайды тағы бір мәрте бастан кешпеулері тиіс.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 


Рекомендовать
Последние новости