ШҚО жастары елде АЭС салу мәселесіне байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 06 сент. 2024 11:00 2603

Облыстық жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Jastar ENERGY" қозғалысының мақсаты – жас ұрпақты “жасыл энергетиканың” және әлемдегі атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпараттандыру.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында да атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы атап көрсетті. Біз алдағы уақытта жастардан бөлек, өзге ұйым өкілдерімен де кездесіп, осы тақырыпта түсіндіру жұмыстарына жүргізуді жоспарлап отырмыз”, - дейді бастамашыл топтың жетекшісі Леонид Ысмайылов.

Кездесу соңында Арбатта викториналар мен қызықты ойындар, сауалнамалар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар мұндай форматта шаралар өткізу тұрғындардың қызығушылығын оятады деген пікірде.

“Қала тұрғындары болашақта атом энергетикасының арқасында экология жақсарып, атомды бейбіт мақсатта пайдалану перспективаларынан хабардар болу үшін де адам көп жүретін демалыс орнында осындай қызықты шара өткізуге шешім қабылдады”, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазан күні өтеді.


Рекомендовать
Последние новости