ШҚО-да табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, азық-түлік тікұшақпен жеткізілді

Dalanews 16 янв. 2024 07:40 932

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қар жауып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.


7 қаңтардан бастап Күршім ауданында қалың қар мен боран басылмай тұр. Синоптиктердің айтуынша, кейбір жерлерде қардың қалыңдығы екі метрге жетеді. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік қатынасы да тоқтаған.

Ауа райына байланысты бүгін ауданға азық-түлік, қажет заттар мен дәрі-дәрмектер тікұшақ жіберілді.

"Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", - деп жазылған ШҚО әкімдігі хабарламасында.


ШҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Күршім ауданына қосымша техника жіберілген. 20-дан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Марқакөл ауданында да ауа райы қолайсыз. Жергілікті тұрғындар қар құрсауында қалып қойған аттарынан айырылып қала жаздаған.

Рекомендовать
Последние новости