ШҚО-да сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді

Dalanews 18 мар. 2024 07:20 2876

ШҚО-да өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға арналған сенім телефондары бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО білім басқармасы ақпараты бойынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға шұғыл психологиялық, заңгерлік көмек көрсету бойынша тәулік бойы сенім телефоны желілері жұмыс атқаруда.


Жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30. ШҚО Білім басқармасының бірыңғай байланыс орталығы: 8 (7232) 700 800.


87076629513 – "Қазақстанның болашағы үшін" Өскемен жастар қоғамдық бірлестігі. Қызмет бағыттары - мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастардың белсенді және шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау. Мақсаты - консультациялық және ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғау орталықтарын құру және т.б.
8 (7232) 266892, 8 7079073350 – өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының сенім телефоны.

Сенім телефондары тәулік бойы қоңырау қабылдайды.


Рекомендовать
Последние новости