ШҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Dalanews 26 сент. 2024 13:04 1731

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Жиында сарапшылар елімізде атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп, азаматтар тарапынан қойылған АЭС-ке қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап, референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруге кез-келген азамат құқылы»,-деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нұркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.


Рекомендовать
Последние новости