ШҚО-да қала әкімі желіде өзіне тіл тигізген әйелді сотқа берді

Қаракөз Амантай 20 мар. 2024 10:25 2149

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха қаласының әкімі өзі туралы әлеуметтік желіде жағымсыз пікір қалдырған әйелді сотқа берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шемонаиха әкімі Егор Драчев желіде өзін “патша” деп атаған әйелдің үстінен сотқа арызданған. Әкім аталмыш пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білген.

“Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша”, – делінген әйелдің желідегі пікірінде.

Әкім бұл өзінің абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.

“Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын”, – делінген әкімнің арызында.

Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.


Рекомендовать
Последние новости