ШҚО-да көне петроглиф тастар қолды болуда

Dalanews 02 мая 2022 03:50 1019

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары Абыралы өңіріндегі тасқа қашалып жазылған петроглифтерді коллекционерлер қолды қылып жатқанына алаңдап отыр. Қарапайым халық билік орындарынан дала төсінде жатқан петроглифтерді қорғауды талап етуде, – деп хабарлайды 365 инфо сайты.

Ашық аспан астында жатқан балбал тастар мен тастарға қашалып жазылған петроглифтер археологтар мен туристтер арасында танымал. Петроглиф тастар атшаптырым аумақта шашырап жатқаны белгілі. Өлкетанушылар тас бетінде жазулар осыдан 2,5 жыл бұрын жазылғанын айтуда.

Олар бұл тастардың кімдерге қажет болғанын түсінбейді. Шамасы мұны коллекционерлер қолды қылуы мүмкін.  


Жергілікті шенділерде далада жатқан тастарды кімдердің ұрлайтынынан хабарсыз болып шықты. Бұл жерге келіп, тастарды кім-көрінге алып кете алмайтыны анық. Архелог ғалымдар тастарды қалай сақтап, кейінгі ұрпаққа амантаттау үшін бас қатыруда.

Рекомендовать
Последние новости