ШҚО-да жылу орталықтарына тиісті жөндеу жұмыстары аяқаталды

Dalanews 19 сент. 2023 10:16 1060

Шығыс Қазақстан облысында жылу нысандарында қажетті жөндеу жұмыстары аяқталып, жылу-электр орталықтарын іске қосу-баптау кезеңіне дайындық  басталып кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдер маңызды нысанды мемлекет меншігіне беру жұмыстары да қолға алынғанын айта кеткен жөн.

Мүліктік кешенді «Риддер су арнасы» КМК-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа қол қойылған болатын. Кеше көмір мен мазут жеткізу бойынша шарттар жасасу басталды.

"Қаражыра" АҚ вагондарды жөнелтуге дайын екендігін растады, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінен кепілдік хат жолданып отыр, яғни толық қаржыландыруға мүмкіндік бар. Қатты отынға арналған вагондар да жеткілікті.

Сонымен қатар алдағы жылыту маусымындағы жұмыс үшін қызметкерлер алынып, жеке және заңды тұлғалармен – Риддер абоненттерімен шарттар жасалуда.

Айта кетсек, нысанды жөндеуге республикалық бюджеттен 8,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 7,2 млрд ЖЭО-дағы қазандық агрегаттары мен басқа да жабдықтарды жөндеуге, моноқаланың жылыту желілерін қайта жаңартуға 1,1 млрд теңге бағытталды.

Облыстық бюджеттен қосымша 554 млн теңге бөлінді.  Бұл өте үлкен қаражат, мұндай көлемдегі қаражат жылу көзінде бұған дейін игерілмеген. Бюджет қаражатын игеру мен барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жаңа жылыту маусымына қарай қала жылумен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Рекомендовать
Последние новости