ШҚО 50 өкпені желдету аппараты мен 216 жедел жәрдем көлігін сатып алмақ

Dalanews 17 июл. 2020 09:55 747

Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ильяс Мұхамеджанов алдағы уақытта облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасы қаншалықты кеңейтетінін әңгімелеп берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында емханадағы төскен-орындарды қажетті медициналық құрылғылармен жабдықтау ісі қарқынды жүруде. Өңірде 196 өкпені жасынды желтеу аппараты (ӨЖЖА), 57 цифрлы рентген аппараты науқастарға қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында тағы 50 өкпені желдету аппараты мен 10 рентген аппараты сатып алынбақшы.

Елімізде пневмония дерті ушыққалы бері Шығыс Қазақстан облысында 205 қосымша оттегі концентраты алынғаны онлайн-брифингте айтылды. 17 шілдеде тағы да 160 оттегі концентраты алынып, тынысы тарылған науқсатарға көмекке келмек. Жедел ұйымдастыру шараларының нәтижесінде облыстағы оттегі концентратының саны қысқа мерзімде  498 бірлікке ұлғайғанын айта кетуіміз керек.

Алдағы уақытта облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд теңгеге 200 монитор, 200 инфузомат, 3 ЭКМО, 178 пульсоксиметр, 12 ӨЖЖА (оның 2 балаларға араналған), 1 компьютерлік томаграфия сатып алынбақшы.


Өз кезегінде Ильяс Мұхамеджанов облыс аумағында 15 компьютерлік томаграфия құрылғысы дамылсыз жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. Әрбір аппарт жекелген аудан мен қалаларға тіркелген.

Онлайн-брифингте ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жедел жәрдем паркін кеңейту үшін 216 жедел жәрдем көлігін сатып алуды жоспарлап отырғандарын да тілге тиек етті. 100 жедел жәрдем көлігі облыс бюджетінен сатып алынса, 116 көлікті Қазақстан даму банкі арқылы лизингке алынбақшы екен. Осы ретте алғашқы жедел жәрдем көліктері 1 қыркүйектен бастап алынып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости