«Шольц уәдесін орындайды». Немістер Украинаға окупанттардың ұшағынан бастап дронына дейін атып түсіретін зымырандарын береді

Dalanews 02 июн. 2022 03:52 1233

Германияның канцлері Олаф Шольц Бундестагта мәлімдеме жасап, орыс окупанттарымен күресіп жатқан Украинаға қомақты қару-жарақ партиясын жеткізетінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Украинаға жеткізілетін қару-жарақтың арасында IRIS-T «әуе-әуе» класына жататын зымыранда бар. Бундестаг депутаттарының алдына жасаған мәлімдемесінде Шольц IRIS-T зымыранының көмегімен Ресейдің әскери ұшақтары мен тікұшақтарын, қанатты зымырандарын, реактивті зымырандарын, әскери дрондарын атып түсіруге болатынын алға тартты.

Сонымен қатар Украина әскеріне немістер окупанттардың гаубициялары,  минометтері мен реактивті артиллериясы қай жерде тұрғанын дәл анықтап көрсететін радарларын да беретін болды.



Бұдан басқа Германия жақын күндері 15 тонна оқ-дәрі, 100 мың гранат, 5 танкке қарсы қолданатын мина жеткізеді.


Deutsche Welle Олаф Шольцтың НАТО-ға мүше елдердің келсімінсіз танк пен бронетранспортерлер бере алмайтынын алға тартты. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіліп қалуы мүмкін.

Украианаға Германиия соңғы рет 25 науырызда зенитті және танкке қарсы қолданатын қару түрлерін жеткізген болатын.

Рекомендовать
Последние новости