Шөкеев тәулігіне 500 тонна ет өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты

Dalanews 30 сент. 2021 07:21 968

Түркістан облысы Сайрам ауданында 21 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Қайнарбұлақ ауыл округіндегі нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиевтің жүзе асырып отырған жобасының құны 3 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейдегі банктер мен АҚҚ корпорациясы арқылы несие алған кәсіпкер тәулігіне 500 тонна ет өндіруді көздейді. Асылтұқымды мал басын бордақылайтын кешенде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Сапар барысында облыс әкімі Сайрам ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын жою бойынша құрылған мобильді топтың атқарған жұмыстарымен танысты. Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жұмысшы және мобильді топ құрамдары құрылып, жаппай тексеру басталғаны белгілі. Облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан аумағында 23 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін орындар рұқсат құжаттары алынғаны анықталды.

Мобильді топ құрамы ҚР Жер кодексінің 14-1, 147 баптарын басшылыққа алып, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, заңсыз жер учаскелерін қазып, қиыршық тас өңдеп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған 31 жеке және заңды тұлғалар немесе 34 жер телімі анықталған.

Оның ішінде 15 заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға шара көріліп, сотта қаралуда. 19 заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті тарапынан тергеп, тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар құрылған жұмысшы және мобильді топ, облыстық автокөлік инспекциясымен бірлесе 56 құм тас тасымалдаушы автокөліктерге 2 603 640 теңге айыппұл салынды.

Түркістан облысында Қазақстандағы алғашқы ересектер мен балаларға арналған жаялықтар шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Түрік компаниясы «Royal Hijyen ve Sağlık Ürünleri San. Tic. A.Ş.» (Роял Хиджиен) және Түркістан облысының мүгедектер қоғамы «CaPable Group» бірлесіп, Сайрам ауданында өндірістік қуаты жылына 100 млн.дана болатын жөргектерді өндіру жобасын іске асыруды бастады. Өндіріс орнында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жоба құны 3 млрд. теңгені құрайды. Айта кету керек, бұл өндіріс ең алдымен облыстың барлық мүгедектерін жаялықтармен қамтамасыз етеді, ал қалған бөлігі басқа өңірлерге кетеді. Толық қуатқа шыққаннан кейін инвесторлар өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді. Жобаны іске асыру барысында инвесторлар ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде мемлекеттік преференцияларға ие болды.

Рекомендовать
Последние новости