Шыңғысхан әскерін құтқарған бөдене

Dalanews 13 мар. 2015 03:27 1687

Құс шаруашылығы саласына жататын бөдене өсіру ісі елімізде кенжелеп болса да дамып келеді. Жақында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, еліміздегі тұңғыш бөдене зерттеуші ғалым Мұхтар Қасенұлы Байбатшановпен жолығып, бөдене өсірудің қаншалықты пайдалы кәсіп екені жайында сұрап, білудің сәті түсті.  

 

[caption id="attachment_9734" align="alignright" width="348"]2154 Қазақстанда бөденені алғаш зерттеген ғалым Мұхтар Байбатшанов[/caption]

– Мұхтар Қасенұлы, Қазақстанда бөдене шаруашылығын дамыту мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп жүрген жалғыз маман екеніңізді білеміз. Адамзат баласы осы бір жұдырықтай құсты өсіріп, игілігін көруді қай уақыттан бастап қолға алған?


– Бөдене өсіру Шығыс Азия елдерінде, соның ішінде, Қытай, Жапония және Үндістанда айрықша дамыған. Өз басым, бөдененің негізгі отаны Жапония деп есептеймін. Өйткені, Күншығыс елінде бөдене өсіретін шаруашылықтар көп. Жапонияда тек қана бөдене өсіру ісімен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Бүгінде бөдене өсіріп, оның жұмыртқасын саудалауда Қытай алдына қара салдырмай келеді. Көрші елде өндірілген бөдене жұмыртқасы әлемдік нарықты жаулап тұр. Соңғы уақыттары бұл іспен айналысуға Үндістан да айрықша көңіл бөліп отырған жайы бар. Көрші Ресейде жақсы дамыған. Дүниежүзінде бөдененің 20 түрі бар. Солардың арасында жұмыртқалағыш жапон бөденесі әлемге кең тараған. Адамзат баласы бөденені еті мен жұмыртқасы үшін және сәндік-декаритвтік бағытта өсіреді.

–  Қазақстанда бөдене өсірудің аяқ алысы қалай?

– Ертеректе қазақтар бөдене аулауды аңшылықтың бір қыры ретінде қарастырды. Ата-бабаларымыз оны өсіріп, кәсіп көзіне айналдырған емес. Ал қазір елімізде бөдене өсіріп, оның еті мен жұмыртқасын саудалап отырған 82 шаруашылық бар. Олардың 25-і Алматы облысының аумағында орналасқан. Мен 2005 жылы зерттеу жұмысымды бастағанда Қазақстанда бөдене өсірумен айналысатын бар болғаны бес-алты шаруашылық болатын. Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқасын ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады.
Қазақстанда бөдене өсірумен айналысатын бар болғаны бес-алты шаруашылық болатын. Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқасын ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған.

1254– Жұрттың қызығушылығын туғызған бөдененің біз білмейтін тағы қандай қасиеттері бар?

– Тауыққа қарағанда, бөдененің дене қызуы 2 градусқа жоғары. Сондықтан, оның жұмыртқасын ұдайы тұтынған адамның қан айналымы өте жақсы жұмыс істейді. Бұдан басқа, бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін көтеретін қасиетке ие. Жалпы аурудың басым бөлігі қан айналымының дұрыс болмауынан туындайтынын ескерсек, бөдене жұмыртқасын тұтыну адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін байқауға болады. Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргізгенімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік. Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бастап келеді. Бөдене жапон халқын құтқарып қалды десек те болады. Кезінде Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызғанын тарихи кітаптардан оқығаным бар.
Тауыққа қарағанда, бөдененің дене қызуы 2 градусқа жоғары. Сондықтан, оның жұмыртқасын ұдайы тұтынған адамның қан айналымы өте жақсы жұмыс істейді. Бұдан басқа, бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін көтеретін қасиетке ие.

– Әңгімеңізден бөдене өсірудің өте пайдалы кәсіп екенін байқадық. Жұдырықтай құсты қалай көбейтуге болады?

– Бөденені заманауи инкубатордың көмегімен көбейтуге болады. Бұл құстың жаратылысын зерттегенде, инкувацияға 9-12 грамм болатын жұмыртқаларын пайдаланғанда, 80 пайызға дейін балапан алуға болатынына көз жеткіздік.  Кейбір шаруалар ұсақ, ірі жұмыртқаларды инкуваторға салып жатады. Бірақ олардан балапан пайда болмайтынын түсінбейді. Ірі жұмыртқаларда ұрық дамымайтынын шаруалар ескеруі тиіс. Инкуватордан шыққан балапандардың алды 35 күнде жұмыртқалай бастайды. Тоқсан күнде олар жұмыртқалағыштықтың жоғарғы деңгейге жетеді. Жалпы, бөдене бір жарым жылға дейін сапалы жұмыртқа береді. Егер оны сапалы жеммен азықтандырса, біраз уақытқа дейін сапалы өнім алуға болады. Негізінен, бөденені құрама жеммен азықтандырған жөн. Сол кезде жақсы өнім алуға болады. Біз бөденеге асқабақ бергенде жақсы жұмыртқалайтына көз жеткіздік.

– Бөденеге қатысты алдағы уақытта қандай зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп есептейсіз?

– Зерттеуді қажет ететін салалары жетіп артылады. Қазақстанда тек қана бөдене шаруашылығын зерттеумен айналысатын институт тұрмақ, шағын зертхана жоқ. Бүгінде ҚазҰАУ-дың бірнеше ғалымдары бөденені зерттеп, олқылықтың орнын толтырғанын көңілге жұбаныш санаймыз. Айналамыздағы көршілеріміз – Қытай, Ресей, Украина және Беларуссияда бұл бағытта қызу жұмыстар жүріп жатыр. Біз де қарап қалмауымыз керек. Бөдене өсіру ісін мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың маңызы зор деп есептеймін. Кезінде Асқар Ақаев өзінің ұлықтау рәсіміне келген қонақтарға бөдене жұмыртқасын  ұсынып.

– Бөденені зерттегенде қандай да бір шаруашылықтарға барып тәжірибе жүргізген шығарсыз?

– Алматы облысының аумағындағы бөдене өсіретін шаруашылықтармен байланысып жұмыс істедік. Бөдене табиғатынан шулы жерді жақтырмайды. Сондықтан, бұл құсқа арналған шаруашылықтар елді мекеннен жырақта орналасады. Бөдене қараңғы жерлерді жақсы көретін құс. Көбіне түнде қоныс аударады. Ал күндіз қалың шөптің арасында жасырынып жатады. Бөдене тауық тұқымдас құстардың арасында ұшатын жалғыз қанатты құс. Қазақстандағы жабайы бөденелер күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетеді.

– Бөдене жылу сүйетін құс болды ғой?

– Иә, бөдене жылуды жақсы көреді. Олар қора ішінде жел өтінде қалып қойса, өнімділігі күрт төмендеп кетеді. Бұл құсты өсіруге ниеттенген адамдар алдымен қорасын жақсылап сайлап алғаны жөн.  Бөденелерді арнайы төрт қабатты торларға қамап, тіршілігін бақылағанымызда төменгі қабаттағы тордағылардың көп жұмыртқалайтынын байқадық. Яғни, төменгі қабат қараңғы болғандықтан, бөденелер өздерін жайлы сезінген. Жалпы, бөдене жұмыртқасы бір аптаға дейін өзінің құнарын 100 пайызға дейін жоғалтпайды. Ал 30 күннен кейін жұмыртқасының құнары 70 пайызға кемиді. Сондықтан, дүкеннен жұмыртқаны сатып алғанда абайлаған жөн.

 

Нұрлан Жұмаханов,

«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі

Рекомендовать
Последние новости