Шымкентте олигархтардан қайтарылған ақшаға жатақхана салынып жатыр

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2025 11:39

Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл әлеуметтік нысан 300-ге жуық сөйлеу және т.б. кемістігі бар оқушыларды заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу бөлмелері және т.б.

Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости