Шымкентте Nur Otan партиясының кандидаты қала тұрғындарымен ой бөлісті

Dalanews 19 дек. 2020 05:16 813

Шымкент қаласы Әл-Фараби  ауданының аумағында қарасты Байтұрсынов, Әлімбетов, Наурыз мөлтек аудандарының тұрғындарымен Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Е. М. Омаров кездесті.

Жиында кандидат сайлаушыларға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын баяндады.



Көп қабатты үй тұрғындарының айтқан әлеуметтік мәселелері негізінде 15-ке жуық талап-тілек жасақталды. Мәселелердің көбі инфрақұрылым мәселелері туралы қозғалды. Сондай-ақ, елдегі жемқорлықты жою мен жастарды жұмыспен қамту жайында сауалдар қойылып, жауап берілді.

Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Рекомендовать
Последние новости