Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша полиция департаментінің қызметкерлерімен ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті С. ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция ескертеді: қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.