Шымкентте карантин талаптарын бұзған нысандарға шара қолданды

Dalanews 06 мая 2021 07:24 892

Шымкент қаласы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 2021 жылдың басынан бері қалада карантин талаптарын бұзған жеке кәсіпкерлік нысандарға, жеке тұлғаларға айыппұл салынып, сауда нысандарының жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 202 жедел хабарламалар бойынша тексерулер жүргізіліп, 188 нысанға 11 870 780 теңге айыппұл салынды.

Тексеру нәтижесі бойынша 26 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданып, 18 нысан бойынша сот шешімі қабылданды. Соттың шешімімен ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 13 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, жұмысы тоқтатылған нысандар:

  1. Қызыл жар шағынауданы Гагарин көшесі №35 ғимаратында орналасқан «Аль-Акрам» тойханасы;

  2. Тәуке хан даңғылы 304 ғимаратында орналасқан «KONO HOTEL» қонақ үйінің үлкен залы;

  3. Тәуке хан даңғылы 193 ғимаратында орналасқан «Наурыз 777 (Семь бочек)» мейрамханасы;

  4. Бәйдібек би даңғылы, № 85 «А» мекен жайда орналасқан «Чехов PUBB» кафесі;

  5. Жәнібеков көшесі, №1 мекен жайда орналасқан «Туман» лоундж бар;

  6. Еңбекші ауданы, Адырбеков көшесі, № 23/3 үйде орналасқан «Plays» компьютерлік клубы;

  7. 17 шағынаудан, № 9 үй, 63 пәтерде орналасқан «Гейм-Тайм» компьютерлік клубы;

  8. Нұрсат шағынауданы №640 ғимаратында орналасқан «The Дым» кафесі;

  9. Еңбекші ауданында орналасқан «Бензин» ресто-бары;

  10. Абай ауданы Темірлан тас жолы №61 үйде орналасқан «Әсем ана» кафесі;

  11. Абай ауданында орналасқан «Омархан ата» кафесі;

  12. №1 қалалық клиникалық ауруханасы;

  13. Нұрсат шағынауданы №640 ғимаратында орналасқан «The Дым» кафесі.


Сонымен қатар, 3 нысанға соттың шешімімен ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 43 060 теңгеге айыппұл салынған.

Олар :

-  «Shelby» караоке клубы,

-  «Жеті Ата» кафесі және -  «Роял Роус» тойханасы.

2 іс өндірістен тоқтатылса, 8 материал әкімшілік соттың өндірісінде.

Мониторинг қорытындысы бойынша жалпы 1596 жауапты тұлғаға (жеке тұлға - 1507, жеке кәсіпкер - 45, заңды тұлға - 8, лауазымды тұлға - 36) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 98 143 050 теңгеге айыппұл салынды.

Құрметті қала тұрғындары! Сіз және жақындарыңыздың амандығы үшін бұл шараларды сақтауыңыз маңызды. Сіздерді сақтық шараларды сақтай отырып, үсіністік танытуға шақырамыз.

 

 

Рекомендовать
Последние новости