Шымкентте жалған нөмір таққан Lexus мінген депутат ұсталды

Қаракөз Амантай 22 авг. 2025 16:03

Түркістан облысы аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев жол ережесін бірнеше мәрте бұзып, тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, Lexus LX 570 автокөлігінің жүргізушісі шынында да Аманбаев болған. Оған бірқатар әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айып тағылды:

  • жалған мемлекеттік нөмір қолдану,
  • қарсы бағытқа шығу,
  • сақтандыру полисінсіз көлік жүргізу,
  • қауіпсіздік белдігін тақпау,
  • тиым салынған жерде кері жүру,
  • қозғалысты бастарда белгі бермеу.

Депутаттың көлігі айыптұраққа қойылды. Ал Аманбаевтың пиджагынан байқалған «Amanat» партиясының» төсбелгісіне қатысты партия өкілдері кейінірек ресми пікір білдіретінін мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости