Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің аяғынан сүйреп, аяусыз ұрған

Қаракөз Амантай 09 сент. 2024 14:41 3008

Шымкенттегі балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы аяусыз ұрып-соққан. Қазіргі таңда бұл іске байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлемжеліде тараған бейнебаяннан қыз баланы аяусыз ұрып, аяғынан сүйреп, төсекке күшпен жатқызған тәрбиешіні көруге болады.

Әлемжеліде тараған болжам бойынша, аталған оқиға "Сүлеймен" атты жекеменшік балабақшада орын алған.  

Оқу-ағарту министрлігі аталған жағдайдан соң тәрбиеші жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. 

"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында", – деп хабарлады министрлік.

 


Рекомендовать
Последние новости