Шығыстағы шекаралық бекеттерде дене қызуын анықтайтын құрылғы орнатылды

Dalanews 28 янв. 2020 07:33 787

Облыста вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жеткілікті.




Өңір басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылды. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Өңірде вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жеткілікті, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар. Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді.

- ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде.

Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар.


Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері "Ақтоғай" теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған. Жағдай менің жіті бақылауымда, деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус дерті тіркелген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости