Шығыста медициналық туризмді дамытатын қуатты медициналық кластер құрылады

Dalanews 26 февр. 2021 07:09 845

Бүгін халық алдына шығып есепті кездесуін өткізген Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірде коронавирус инфекциясымен күреске қарамастан, облыстың денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жалғаса беретінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz  ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында босандыру қызметтерін 3 ауылдық медициналық ұйым үшін І деңгейге, 9 аудандық және 2 ауданаралық аурухана үшін І деңгейден ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған. Қабылданған бұл шаралар босану процесі күрделі әйелдер мен 1500 грамм салмақтағы балаларды жергілікті жерде сапалы медицианлық күтім көрсетуге мүмкіндік береді.



Сондай-ақ, ІІІ деңгейдегі перзентханалардың жабдықтары жаңартылады, мұнда балаларды 500 грамнан бастап күтуге мүмкіндік береді. Бұл істі жүзеге асыруға 4,1 млрд теңге бөлініп, қажетті медициналық жабдықтар сатып алынған. Оның ішінде 3,3 млрд теңге ана мен бала саласын дамытуға бағытталады.

Сонымен қатар, облыс орталығында балалар мен ересектерге арналған мамандандырылған гематология орталығының құрылысы жалғасатынын есепті кездесуде әкім тілге тиек етті. Осылайша, гематология, ядролық медицина, роботтандырылған хирургия орталықтарын бірыңғай жүйеге біріктіріліп, медициналық туризмді дамытуға негіз болатын қуатты медициналық кластер құрылатын болады.


Ағымдағы жылы, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына мамандарды оқытудың алдағы үш жылға арналған үш деңгейлі бағдарламасын дайындау, Семей қаласында жедел медициналық жәрдем ауруханасын халықаралық JCI стандартына сәйкес аттестаттауға кірісу міндетін қойылып отыр.

Ядролық медицина орталығының базасында ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап радиойодтерапия жүргізе отырып, Радионуклидтік терапия бөлімшесін ашу тарсырылды.

Рекомендовать
Последние новости