Шығыста жылына 300 мың тоннаға дейін өсімдік майын шығаратын екі кәсіпорын алдағы жылы іске қосылады

Dalanews 12 нояб. 2021 10:12 900

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов журналистермен жүздесіп, жыл бойы облыста атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде облыста өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдаралама аясында тиімділігі жоғары және жем-шөп дақылдары алқаптарын ұлғайтып, егістіктерді әртараптандыру жүргізілуде.

Ағымдағы жылы күнбағыстың егіс алқабы 40 мың гектарға, рапс – 3,7 мың гектарға, жүгері – 3,4 мың гектарға ұлғайған.

Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды іске асыру және су шаруашылығы объектілерін пайдалануға беру 2025 жылға қарай суармалы жерлердегі жем-шөп дақылдарының алаңын 28 мың гектарға (барлығы 296 мың га) ұлғайтуға мүмкіндік береді және олардың үлесі 21%-ды құрайды.

Жалпы, соңғы екі жылда халықты жайылымдармен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады. Мәселен, 2019 жылдың басында жайылымдарға қажеттілік 2,7 млн гектарды құрады, ағымдағы жылдың қазан айында 1 млн гектраға дейін қысқарды.


Агроөнеркәсіптік кешенде екі ірі май экстракциялық зауыт салу көзделген, олардың біреуі пайдалануға берілді ("QazaqAstyqGroup" ЖШС, қуаты 300 мың тонна).

Қуаты жылына 300 мың тоннаға дейінгі мультикультураларды қайта өңдеу бойынша екінші комбинат келесі жылы іске қосылатын болады ("Altyn Shyghys" ЖШС, Предгорное ауылы, Глубокое ауданы). Жобаларды іске асырғанда өсімдік майын өңдеу көлемін жылына 600 мың тоннаға, ал толық қуатқа шыққаннан кейін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, тек осы объектілерді іске қосу 2022 жылға қарай қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есеге (64,2 млн, АҚШ долларынан 257 млн дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді және елге қосымша валюталық түсімдер әкеледі.

Рекомендовать
Последние новости