Шығыста "Еңбек" бағдарламасымен 8 мың адам жұмысқа орналасқан

Dalanews 05 нояб. 2019 10:51 860

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік грантты - 219 адам, 200 АЕК-ке дейінгі грантты – 579 адам алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.


«Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір бағыты – азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында 8 112 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 056-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 264 адам жастар практикасына және 5 792 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді», - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

 

Рекомендовать
Последние новости