Шығыс Қазақстанда халыққа аузына келгенін айтқан әкімге айыппұл салынуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 08 окт. 2025 16:49

Жергілікті тұрғындарға дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтқан Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы әкімге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі («Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу») бойынша шара қолданылған.

Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның жергілікті тұрғындарға дөрекі сөйлеп, балағат сөздер қолданған сәті түсірілген видео тараған болатын. 

Кадрлардан ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойғаны көрінеді. Сол сәтте екі тарап арасында сөзге келіспеушілік туып, шенеунік өзін ұстай алмай, балағат сөздер айтқан.


Рекомендовать
Последние новости