Шетелдік азаматты шендімен кездестіру үшін 200 мың доллар алған

Dalanews 20 июн. 2023 03:46 935

Антикор кәсіпкерлікті қорғау жұмысы аясында алаяқтық жасап, пара беруге итермеледі деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол шетелдік компания өкіліне мемлекеттік мекемемен арадағы мәселесін шешіп, қажетті жоғары лауазымды тұлғамен кездестірмекші болған.

Күдікті бұл үшін бұл қызметі үшін 200 мың доллар алғаны мәлім болды.

Ол мұнымен шектелмей кездесу сәтті өткен жағдайда келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін өзіне белгеленген соманың 3 пайызы көлемінде қолма-қол ақша беру турасында талап қойыпты. Қазір іс тергелуде. Жемқорлық іске жеңгетайлық жасаған азаматтың аузы күйді.  


Сонымен қатар, Антикор Алматы тұрғынының алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Күдікті Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешіп беру үшін 100 000 АҚШ долларын талап еткен.

Ақшаны алғаннан кейін бұл күдіктілер ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Рекомендовать
Последние новости