Шерзат Болаттың ісі сотқа жолданды

Қаракөз Амантай 26 мар. 2025 17:07 1003

Құқық қорғау органдары Шерзат Болаттың ісін сотқа жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Stan.kz мәліметінше, сот өкілдері қылмыстық іс материалдарының қабылданғанын растаған.

Енді жәбірленушілердің мүддесін жаңа қорғаушылар тобы – Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева қорғайды.

Қылмыстық іс бойынша тоғыз адам күдікті деп танылған:

• Шыңғыс Белгожаев

• Дархан Әскентай

• Нұрқияс Ильясов

• Равиль Сакиев

• Нұрбол Тоқтаубаев

• Дидар Қалиахмет

• Азамат Тоқтаубаев

• Думан Ысқақ

• Абзал Шынасыл

Алайда бұған дейін тергеу органдары күдіктілер саны 11 деп мәлімдеген болатын.

Тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгер сұралған. Күдіктілердің айғақтары мұқият тексеріліп, сегіз бейнежазба сарапталған. Қылмыстық істің жалпы көлемі – 62 том.

Бұған дейін аталған қылмыстық істің тергеуі аяқталғаны хабарланған еді. Тергеу материалдарының жалпы көлемі 62 томды құрайды. Оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Араға біраз уақыт салып Шерзаттың ағвсы Нұрқанат Ғайыпбаев та өлі табылды.


Рекомендовать
Последние новости