«Шеруде кездескен екі дос». Бірі ереуілші, екінші полиция.

Dalanews 16 янв. 2022 03:13 1071

...Мына бір сурет 1972 жылы Францияда жұмысшылар ереуілі кезінде түсірілген. Бірі ереуілші, екіншісі полиция жасағы. Екеуі бала күннен достар. Бейбіт шеруге шыққан Гай Бурмиукс пен тәртіп сақшысы Жан-Ивон Антигнактың фотосы сол сәтте-ақ әлемді шарлап кетті.  

Ереуіл кезінде екеуі қарсы келіп қалғанда бір досы екіншісін жұлқылап жылап жібереді... "Ұр мені, ұр!"  дейді... Сол күні-ақ әлемді шарлап кеткен суреттің айтары не?

Біз бәріміз бір қоғамның, бір Отанның балаларымыз! Қаңтардағы қақтығыстар кезінде біздің полицияның "жұмсақ"  әрекетінен қылмысқа, тонаушылыққа жол берілді деген сын көп айтылуда. Тіпті де олай емес!

Митинг бейбіт түрде жүріп жатқанда, жағдай аса ушыққанша полиция бауырларына қару қолданған жоқ.

Ал, арандатушылар шектен шығып, қарапайым адамдардың өміріне қауіп төнгенде ғана іске кірісті. Қаншама қызметкерлеріміз ерліктің үлгісін көрсетті. Қаза болды.

Ол жөнінде көп айтылып жатыр ғой, мен әңгімемнің басында айтқан суретке қайта оралайын.

Еліміздегі дүрбелең күндері анау екі француз достар секілді жүректі дір еткізер қаншама фотолар жарияланып жатыр. Кішкентай баланы құтқарған полиция... Сол полицияға тамақ тасыған ана... Қарусыз полицияға ара түскен тұрғындар...

Қаншама бейбіт тұрғындарды, тіпті, өз құрамынан адасып қалған әскери  қызметкерлерді полиция қызметкерлері  өз құрамына қосып, аман алып қалуы, қарапайым адамды құтқарып қалу үшін қаншама ерлік жасады, бұл бір қоғам екенімізді дәлелдейді.

Меніңше екі көріністің де мағынасы біреу – адам адамға бауыр, дос! Енді мәселе – барлығымыздың бір Отанның баласы екенімізді түйсіну, қатыгездікке жол бермеу.

Жанар ТҰРАНҚАЗЫҚЫЗЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

Рекомендовать
Последние новости