Шенеуніктер жалғызбасты анаға қандай көмек көрсетті?

Dalanews 14 мар. 2016 09:22 845

Бұдан бұрын еліміздегі бірқатар ақпарат құралдары екі баласымен 13 мың теңге жәрдемақыға күн көріп отырған жалғызбасты ана Анар Есмағұлова туралы жазған.

Мәселенің мән-жайын айта кетейік. Өзі Оралдағы жетімдер үйінде өскен Анарды жолдасы екінші балаға аяғы ауыр кезінде тастап кетіпті. Бес айлық ұлы Исламға берілетін 13 мың теңге жәрдемақы жетпегесін жас ана қайыр сұрауға мәжбүр болған. Ал жалдап тұрып жатқан пәтердің иелері қарызы үшін Анарды екі баласымен далаға қуған...

2222Амалы таусылған ана емшектегі баласын балабақша жасындағы қызына қалдырып Оралдағы Еуразия даңғылының бойында қайыр сұраған. «Таңғы алтыдан бастап кешкі төртке дейін, тоңып жүрдім...» деген еді Анар Есмағұлова КТК арнасына берген сұхбатында.

Соған қарамай балаларын жетімдер үйіне өткізбегеніне сүйсінгенбіз. Анардың өзі ата-анасы жол апатынан көз жұмғаннан кейін балалар үйінде тәрбиеленіпті.

Тасбауыр әкесі балаларына мүлдем қарайласпайды екен. Анардың өзі әкімдіктегі пәтер кезегінде 835-ші болып тұр. Ал қолы кеміс болып туған кішкентай Исламға ота жасату керек.

8888Бұл ақпарат жылдың басында жарияланған еді. Содан бері не өзгерді? Шынымен де көмекке мұхтаж Анар Есмағұловаға Батыс Қазақстан  облыстық әкімдігінің болмаса қалалық әкімшіліктің тарапынан қандай да бір қолдау көрсетілді ме?

Осы мақсатпен Анардың өзіне хабарласқан едік. Сөзін қаз-қалпында бердік.   

– Мен туралы ақпарат шыққаннан кейін әкімдіктен бір топ жас балалар келіп қолыма 50 мың теңге ұстатты, сосын азық-түлік әкеп тастады...

Жалпы қайырымды адамдарға мың алғыс. 150 мың теңге ақша жинап берді. Осының арқасында қарыздарымнан құтылдым, балаларыма қажетті заттар сатып алдым.  

Баламды балабақшаға тұрғыздым. Ақшасын өзім төлеймін. Былайынша, адамдар бей-жай қарамайды. Көбінесе, киім-кешек жібереді. Сонау Алматыдан азық-түлік салып жіберетін адамдар бар.

Негізі, кондуктор болып істейтінмін. Бірақ, балам кішкентай болғандықтан жұмысыма шыға алмай қалдым. Қазір тымаудың кезі, кішкентайларым ауырып қалды. Тіпті, дәрі алатын ақшам болмай тұр, – дейді Анар Есмағұлова.
Біздің мұндағы мақсатымыз біреуді сынау емес. Керісінше, әрі жетім өскен, әрі жалғыз қалған жас ана Анар Есмағұловаға қайырымды адам қарайлассыншы деген ой.

Анарға көмек көрсетем деген азаматтар болса, оның телефонына хабарласуыңызға болады.

Ұялы телефоны: 8 (705)-638-48-22

Рекомендовать
Последние новости