Шенді 70 мың доллар пара алып, ұсталды (видео)

Dalanews 24 мая 2017 03:23 905

Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б.Ш.Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі агенттіктің бас консультанты Нұрлан Жахинге сілтеме жасап. 

«Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған. Сонымен қатар, Б.Ш.Халық РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Ол бұл ісін бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге жасаған» делінген хабарламада.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленгені айтылады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=xin8Ns3AQc0

Рекомендовать
Последние новости