Шекара бөлімшесіне экс-президенттің есімі берілді

Dalanews 26 авг. 2021 07:58 987



Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің бірі енді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады. 




Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - делінген құжатта.Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


 

Рекомендовать
Последние новости