Шаханов кімді сотқа бермек?

Dalanews 20 июн. 2017 05:36 881

Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті.

Маған тілектес, ниеттес адамдар санаған екен, олардың жалпы саны 56-ға жетіпті. Тіпті билік басында жүрген кейбіреулердің шетелдерде қанша үйі бар екенін де менің атымнан жіберіпті. Сөздің ашығына келсек, менің бір де бір парақшам жоқ. Ғаламтор арқылы біреуге бір ауыз сөз жазып көрген адам емеспін. Ғаламторды меңгеруге енді ғана кіріскелі отырмын.

Ескертерім мынау: Есімімді, беделімді пайдаланып, менің атымнан парақша ашып алғандар мұндай алаяқтық сипаттағы жөнсіз әрекеттерін тоқтатпайтын болса сотқа шағымданатынымды мәлімдеймін.

Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақстанның халық жазушысы, 


Abai.kz


Рекомендовать
Последние новости