Шардаралық Ерсұлтан ерледі

Dalanews 30 нояб. 2018 07:55 1324

Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде Абсалютті салмақты балуандар арасында, Әлем барысы болып өтті.

Әлемдік додаға 29 елдің Түйе балуандары қатысты. Қазақ елінің намысын қорғаған балуандардың арасында Түркістан облысы,  Шардара ауданының тумасы Ерсұлтан Мұзаппаров өзінің жастығына қарамастан табысты өнер кеөрсетіп, жүлдегер болды.

Ерсұлтан Мұзаппаров қарсыластарымен салыстырғанда салмағының аздығына қарамастан, нағыз батыр балуандарша айқасып, өзінің кәнігі спортшы екенін паш етті.

Байрақты бәсекеде  Ерсұлтан ирандық 156 келілік Жафар Пахлеванижагхаргхпен болған күресі жұрттың делебесін қоздырды десек болады.

Жартылай финалда Ресейлік Роман Бобиковты айқын басымдықпен ұтқан Ерсұлтан, финалда былтырғы жылдың Әлем барысы, шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровпен сайысқа түсті, алғашқы екі раундта ұпай санымен басым түскен Ерсұлтан соңғы минуттарда есе жіберіп, күміс белбеуді қанағат тұтты.

29 елдің кіл мықтылары арасынан суырылып шығып, күміс белбеуге қол жеткізген жерлесіміз Шымкент қаласындағы Лаззат Тажиева спорт мектебінде жаттығатын Ерсұлтан Мұзаппаровты барлық спорт сүйер қауым атынан құттықтаймыз. Жас балуанға алдағы жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, алтын белбеудің иесі ататыны анық.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости